Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Ноябрь 2016  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    13.07.2025, 22:14
    Главная » 2016 » Ноябрь » 22 » «Ата Заң - елдің айбыны»
    15:20
    «Ата Заң - елдің айбыны»

       Үстіміздегі жылы еліміздің тәуелсіздік алып, еркін елге айналғанына 25 жыл толып отыр. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасыр  уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады. Қазақстан Республикасының Конституциясы — әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты. Осындай дүбірлі мереке қарсаңында, яғни 21 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндер аясында еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы бар, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан азаматтардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге ету және тарихымызды таныту, Ата заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету мақсатында «Ата Заң - елдің айбыны» атты дөңгелек үстел Бөрлі ОКЖ-нің ұйымдастыруымен және заң қызметкерлері Бөрлі ауданы сотының судьясы Н.К.Ибрашов, Бөрлі аудандық сотының судьясы А.К.Ускембаева, Бөрлі аудандық соты кеңсесінің меңгерушісі А.Н.Оразбек, аудандық ІІБ-нің жасөспірімдермен жұмыс инспекторы С.Г.Омарова, Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қаладағы оқу орындарының оқушылары мен студенттері шақырылды.

    Дөңгелек үстелді қысқаша кіріспе сөз сөйлеп ашқан орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Д.Нурашова еліміздің Ата Заңының қоғамдық дамудағы орны мен маңызына тоқталды.

    Сонымен қатар кітапханашы Н.Искакова осы шараға арнайы жасақталған кітап  көрмесімен таныстырып, кітаптарға библиографиялық  шолу жасады.

    Шара барысында қатысушы жасөспірімдер келген қонақтарға: Мемлекетіміздің азаматтары мен азаматшалары мемлекеттік заңдарды қаншалықты біледі?, Ауданымызда заң жөнінде қандай профилактикалық жұмыстар жүргізілуде?, Адамдарды қылмыс жасаудан не сақтайды? және т.б.   көкейкесті сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптарын алды.  Екі бөлімнен құралған дөңгелек үстелдің екінші бөлімі «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбындағы сұрақ-жауап түрінде өтті. Шараға қатысушы жасөспірімдер бейне таспадан ұяшықтар таңдау арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін нығайта түсті.


     

    Просмотров: 419 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz