Орталық балалар кітапханасының филиалында Ауған әскерлерінің шыққанына 25 жыл толуына орай «Интернационалдық міндет» атты еске алу кеш өткізілді. 4 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Л.И.Вавилина қатысты.
Оқырмандарға Ауған әскерлерінің соғыстағы ауыр жағдайы, тарихы баяндалды. «Ауғанстан мәңгі менің жадымда» атты слайд көрсетіліп, көрші мемлекетпен ауған әскерлерінің әскери қимылдары бейнеленген фотолар көрсетілді. Бөрлі ауданынан шыққан ауған соғысында қайтыс болған, Ақсай қалсындағы «Наурыз» паркіндегі ескерткіш қойылған ауған әскерлеріне баса назар аударылды. Ескерткіш Сергей Алексеев, Аманжол Гусманов, Леонид Куриленко, Дидар Хамитов сынды ауған әскерлеріне арналды. Слайдта соғыста қайтыс болған ескерткіште бар, ЖББ №1 орта мектепте оқыған С.Алексеевтің фотолары көрсетіліп, қысқаша өмірбаяны айтылды.
Шара соңында Д.Зеленев, Н.Ситников, К.Мушенок, Д.Утесинова, Д.Лысенко, А.Ерекешевтар ауған соғысына арналған тақпақтарын айтып қорытынды жасалды.

|