7 ақпан күні Бумакөл ауылдық Мәдениет үйінде кітапханашы М.Маймирова мен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ауғанның от жалынын кешкендер» атты кездесу кеші өткізілді.
Кездесуге Бөрлі аудандық ауған соғысының ардагерлер қоғамының төрағасы Ж.Бектемиров, ауған соғысының ардагерлері С.Якушин, Т.Акашаев, ауылдық округтің бас маманы А.Сиражева және мектеп директоры Г.Кусмагамбетовалар шақырылды. Шарада «Ауған ақиқаты» атты бейне көрсетілім қойылып, ауылдас майдангер Аманжол Гусманов туралы баяндалды. Кездесуге келген ардагер ағаларымыз өз естеліктерімен бөлісіп, оқушыларға бейбіт өмірдің құндылықтары туралы әңгімеледі.
|