Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясына орай жұлдызды 25 күннің алтыншы күні, яғни 26 қараша күні Қызылтал ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №7 ЖББОМ – нің 9 сыныбында «Азаматтық қоғам-әлеуметтік прогресс» атты ауызша журнал өткізілді. Ауызша журналымыз төрт парақтан тұрды. 1-парақ кіріспе бөлім бойынша «Азаматтық қоғам – құқықтық мемлекет», 2-парақ сауалхана «Құқықтық сауаттылық – заман талабы», 3-парақ «Жалғасын тап» және соңғы 4 парақ қорытынды бөлім есебінде «Терминдерді еске түсіру» деп аталды. Аталмыш шараның мақсаты азаматтық қоғам мен азаттық мәнін ашып түсіндіру. Қазақстанның тәуелсіздік алғалы 25 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, түсініктерін кеңейту, елжандылық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту, елімізде азаттық және азаматтық бірлік тәуелсіздік құндылығын бағалап, түсінуге тәрбиелеу болатын. Шараға қатысқан жасөспірімдер азаматтық қоғам туралы түсінік алып, қойылған сұрақтарға өте жақсы жауап беріп білім, біліктіліктерін көрсетті. Шара соңында кітапханшы Н.Искакова «Азаматтық қоғам – құқықтық мемлекет» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, тақырыпқа сай әдебиеттермен таныстырды.
 
|