
«Азаттық рухын асқақтатқан ақын»
Қазақстанның халық жаушысы,ақын, әдебиет зерттеушісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Олжас Сүлейменовтың 80 жасқа толуына орай әдеби кеш.
Шараның мақсаты: Олжас Омарұлы Сүлейменовтың өмір жолы мен шығармашылығы жайында жалпы түсінік беру. Жазушы туралы мәлімет бере отырып, кітапхана қорында бар шығармаларын насихаттау.
Олжас Сүлейменов әдебиетке ашық және кең тыныста енген, поэтикалық шығармалары әу бастан-ақ ұлттық әдебиеттің құбылысы болып танылған және сөз бағалай білушілердің көңілін аударған қаламгер. Өзінің табиғаты жағынан - адамның тәуелсіздігі, еркіндігі оның шығармашылық және қоғамдық қызметінің негізгі нысаны болған, жан дүниесі, рухани байлығы мол адам.
Орталық аудандық кітапхананың оқу залында «Азаттық рухын асқақтатқан ақын» атты тақырыпта әдеби кеш өтті. Кешті кітапханашы А.И.Хайруллина Олжас Омарұлының өмір жолының тарихи хронологиялық тізбесімен, шығармаларынан бастады. «Адамға табын жер енді» атты поэмасынан үзінді оқып, кітапханашы О.Ш. Кубекова «Айналайын», «Кочевник» өлеңдерін оқып берді. «Адамға табын жер енді» атты жасақталған кітап көрмесіне кітапханашы А.И.Хайруллина библиографиялық шолу жасады. №5 ЖББОМ 8 сынып оқушысы Д. Гильманова ақынның «Анама» атты өлеңін оқып берді. Кеш соңында А.Хайруллина елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2016 жылдың 18-ші мамырында О. Сүлейменовке Еңбек Ері атағын беріп және «Қазақстанның Еңбек Ері» алтын жұлдызымен марапатталғанын айтып әдеби кешті аяқтады.

|