Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Февраль 2016  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
29


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    14.07.2025, 03:11
    Главная » 2016 » Февраль » 18 » «Қазынам бар қисапсыз шектеледі» атты поэзия кеші
    10:02
    «Қазынам бар қисапсыз шектеледі» атты поэзия кеші

    «Қазынам бар қисапсыз шектеледі»

      Қазақ поэзиясы қашанда ұлы даналарымен, қарымды қаламгерлерінің құдыретімен асқақтап тұр. Солардың бірі – қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың ықыласына бөленген, поэзия тұлпары саналған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев.

     Ақынның 85 жылдық мерейтойына орай орталық аудандық кітапханада   Қазынам бар қисапсыз шектеледі» атты поэзия кеші болып өтті. Мұқағали шығармашылығына, поэзияға деген сүйіспеншілікті ояту, ақын жайлы естеліктер айту мақсатын көздеген кештің шымылдығын №5 ЖББОМ-тің 10 сынып оқушылары Ғайнолла Биболат пен Ерғалиева  Әсемгүл «Арыз жазып кетейін»,  «Пай, пай өмір» өлеңдерімен ашты. Кеш барысында ақынның туып-өскен үйі, қолданған заттары, ұрпақтары, Мұқағали мұрасын насихаттаушылар, «Мұқағали» журналы жөнінде толық ақпарат бейнебаян арқылы интер тақтадан таныстырылды.

        Кеште ақынның «Махамбеттер, Абайлар» өлеңін Ақсай техникалық колледжінің 1 курс студенті А.Тілегенов, «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін аудандық демалу орталығының театр әртісі З.Ерғалиева, №1 ЖББОМ-тің 8 сынып оқушылары А.Баймурзина мен А.Арманова «Ризамын», «Пай, пай өмір» өлеңдерін оқыса,  мұғалімдері А.М.Нахметова мен  Н.А.Ермекбаева «Шыда, шыда», «Күрсінбеші» өлеңдерін, №5 ЖББОМ-тің 10 сынып оқушысы Ә.Ерғалиева «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқыса, 8 сынып оқушысы Г.Ізтілеуова «Жанарсыз адам келеді» өлеңін мәнерлеп жатқа оқыды. Жауһар  жыр иесінің  өлеңдеріне жазылған  «Фариза», «Арыз жазып кетейін», «Есіңе мені алғайсың» әндерін аудандық демалу орталығының әншілері Бірәнов Мұхит пен Какимов Айболат тамылжыта шырқады.  Қатысушы оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.

       «Мұқағали жырлары – ел-жұртының қасаңданып бара жатырған жан әлемін сәуле-шуағымен әрлендірер, қуат берер күші болып отырғаны шындық» деп ақын апамыз Фариза  Оңғарсынова  айтқандай, иә, жылдар өтер, әлі небір ақындар дүниеге келер, бірақ қара өлеңнің құдыретін аспанға көтерген Мұқағали Мақатаев есімі қашанда биіктен көрінері даусыз. Хантәңірінің биік шыңындай болған ақынның мұрасы мәңгі өшпек емес.


      


     

    Просмотров: 489 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 3.0/1
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz