XXI ғасыр – ғылым, білім және мәдениет ғасыры.Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына, білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Кітапхана баланы біліктілікке дағдыландырады. Сонымен қатар ол қоғамдағы әлеуметтік өзгерістермен үнемі үндесіп отыруы қажет.
Осылайша оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, бос уақытты пайдалануға үйренеді.Қазіргі таңда модельді кітапханалар мүмкіндігінше жаңа талаптарға, сұраныстарға сай жұмыс істеп келеді.
Бөрлі ауданының Бөрлі ауылдық кітапханасында модельді кітапхана және балаларға қызмет көрсету бөлімінің ашылу салтанатына Бөрлі ауданының әкімінің орынбасары А.С.Сафималиев, ОКЖ директоры Д.К.Нұрашова, Жұбан Молдағалиев атындағы- ОӘҒК директоры Р.Ж.Исатаева, Хамза Есенжанов ОБЖК директоры З.Б.Өтешова, Бөрлі селолық округінің әкімі Г.В.Баштовенко, Бөрлі ОКЖ-нің қызметкерлері және оқырмандар қатысты.Модельді кітапхананың ашылу рәсімін алғашқы құттықтау сөз және лента кесу құрметі Ұлы Отан соғысының ардагері И.Г.Рублевский мен кітапхананың тұрақты оқырманы С.М.Салемгерееваға берілді.
ОКЖ директоры Д.К. Нұрашова модельдік ауыл кітапханасының жаңа мүмкіндіктерімен таныстырды.Бөрлі модельді ауылдық кітапханасының меңгерушісі И.Г.Буянкина мен Бөрлі ОКЖ инженері Ғ.Арпабаев модельді кітапхананың сайтымен таныстырып өтті. Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Б.Исмагулова сайтта ашылған "Соғыс. Жеңіс. Ұрпақтар естелігі" атты мәліметтер базасымен таныстырды.
Х. Есенжанов атындағы ОБЖК ақпараттық библиографиялық бөлімінің меңгерушісі А.К. Кульчукова «Ғаламтордағы балаларға арналған сайттар» атты web-библиографиялық шолу өткізді.
Қазіргі кітапханалар ақпараттық мәдени – ағартушылық, ғылыми- зерттеушілік мекеме болғандықтан кітапханашылар қазіргі заман талабына сай технологияны біліп, оны сауатты түрде қолдана білуі керек . Оқырмандар тілек - лебіздерін айтып осындай мүмкіншілік туғандарына ризашылығын білдірді. Келген құрметті қонақтарымыз қорытынды сөз сөйлеп қолдау көсрсеткен әріптестерге алғысын айтты.
|