2016 жылдың 4 мамыр күні сағат 11.00 де орталықтандырылған балалар кітапханасының филиалы Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ЖББ №1 балабақша –мектеп кешенінде 4 «Б» сынып оқушыларынының қатысуымен «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты халықаралық акциясын өткізді. Сынып жетекшісі С.Д. Иманбаева . (18 адам)
Бұл шараның мақсаты: 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысы туралы балаларға әдебиеттерді үлгі ете отырып, жас ұрпақты азаматтыққа және патриоттыққа тәрбиелеу.
ОБК филиалының меңгерушісі Г.В Губская «Сороковые роковые» атты кітап көрмеге қойылған сұм сұрапыл жылдардағы көркем әрі деректі әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады. Көрменің «Батыс Қазақстандықтар соғыс жылдары» бөлімінде біздің жерлестеріміз Отан үшін шайқасқан батыр апаларымыз М.Маметова, А.Молдағұлова, Х.Доспановалар туралы кітаптарымен таныстырды..
Библиографиялық шолудан соң Валентин Катаевтың «Сын полка» атты кітабы туралы сұрақ –жауап арқылы әңгімені өрбіте отырып, бірінен кейін бірі повесті талдап, өз ойларын тұжырымды да нақты жауаптарын ортаға салды. Сыныптың оқушылары В.Чунин, В.Алексеев , Ю.Свитенко повесттің киіпкері Ваня атты баланың қиын өмірі туралы барлаушылар отрядына қосылғаны, оны жау ортасына жібергілері келгені туралы,ол қайсар мінезімен еш қорықпай ақыры фашистер жайлы, олардың техникалары туралы біздің барлаушыларымызға ақпарат беріп отырғаны туралы да айта кетті. Сондықтан оны «Постушок» деп атаған. Акция қатысушыларын Қазақстан батырлары жайлы жазылған кітаптар, еңбек ардагерлері туралы кітаптар, әскери оқиғалар мен фотосуреттер қатты қызықтырды.
|