2014 жылдың 6 мамыр күні 4 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен (сынып жетекшісі Н.Г.Гурова, 16 бала ) «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты жылдық акциясы оздырылды. А.И.Халимуллинаның «Звездный час Маншук» атты кітабы бойынша пікірталас өтіп, «Путь в бесмертие» деген тарауға ерекше көңіл бөлініп, Мәншүктің ерлігі, жанын аямай жауға қарсы шыққаны, сол соңғы соғыста қаза болғаны көрсетілген үзінді оқылып, батыр қызға Кеңес Одағының батыры атағы берілгені туралы айтылып, талқылау жасалды.
«Біздің Мәншүк» атты слайд арқылы өмірбаяны, соғыстағы жылдары, мадақтама беру жөніндегі бұйрық, мұражайдағы суреттері және қабірінің суреті көрсетіліп, балаларға Мәншүк туралы толықтай ақпарат берілді. Шара соңында «У памяти срока нет» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
|