16 ақпан күні Григорьев орта мектебінің 1 – 3 сынып оқушылары «Библиотека – мир ворота в знаний» тақырыбында Кеңтүбек ауылдық кітапханасына экскурсияға келді. Кітапханаға кіру үшін оқушылар есік алдына жасырынған Мыстан кемпірге (кітапхана қызметкері О.Дворецкая) өлеңдер оқып, ән шырқап берді, одан соң Кітаптар ханшайымын (Маргиева Милана) құтқару үшін көптеген жұмбақтарды шешті. Осындай сынақтардан сүрінбей өткен оқушыларға кітапханашы Ж.Маргиева кітапхананың ішін таныстырып, балаларға арналған кітаптарды ұсынып, «Растем вместе с книгой» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Оқушылар кітаптармен танысып, үйге оқуға кітаптар алды.
 
|