Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Декабрь 2014  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    23.07.2025, 02:22
    Главная » 2014 » Декабрь » 10 » «Бір ел-бір кітап» акциясы
    10:30
    «Бір ел-бір кітап» акциясы

           Ағымдағы жылдың 26 қараша күні Орталық балалар кітапханасының филиалында «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша кітапхана ісін дамыту бөлімінің әдіскерлерінің ұйымдастыруымен қорытынды семинар өткізілді. Шараға барлық ауыл және қала кітапханаларының кітапханашылары қатысты. Семинарды кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі С.Х.Тасымғалиева  кіріспе сөзімен ашып, шараның жоспарымен таныстырды. ОКЖ-нің балалармен жұмыс  әдіскері А.Мулькаманова  «Жусан иісі аңқыған қара сөздің шебері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

                  

          Қызылтал, Пугачев және Орталық балалар кітапханасы филиалы арасында ОНЛАЙН арқылы байланыста өткізілді. Замануи технологияларға сай Онлайн арқылы Пугачев ауылдық модельді кітапханасы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», «Басында Үшқараның...» атты повестерін дауыстап оқуын өткізсе, ал Қызылтал ауылдық кітапханасы театрландырылған көріністі  көрсетті. ОКЖ-нің әдіскері Ф.Гусманова  «Бір ел- бір кітап» акция бойынша кітапханашылардың өткізілген шараларды  қорытындылап, слайд отчетті назарларына ұсынды. Кітапхана ісін дамыту бөлімінің жасөспірімдер әдіскері А.Темьярова кітапханалық казино-турнир  ұйымдастырды.  Казино-турнирде  сұрақтар  таратылып,  дайындыққа 10 минут уақыт берілді. Сонымен қатар, «Бір ел-бір кітап» акциясын насихаттау мақсатында  плакат арқылы жарнамалау жасалып, кітапханашылардың жауаптары тыңдалды. 

            Семинар соңында ОКЖ директорының орынбасары А.Мусаева  ең үздік шара көрсеткен және ең жақсы кітап көрмесін ұйымдастырған кітапханаларды  алғыс хатпен марапаттады.

    Просмотров: 644 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz