15 ақпан күні есту - сөйлеу қабілеті төмен жандармен (сурдоаудармашы Р.Джумабекованың көмегімен), зағип және де нашар көретін оқырмандармен аудандық орталық кітапхана оқу залында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау болып өтті. Алдымен ОКЖ директоры Д.К.Нұрашоваға сөз кезегі берілді. Шара екі бөлімнен тұрды: Елбасымыздың жолдауын талқылау және зағиптар қоғамының 80 жылдығына орай «Біз бірлікпен мықтымыз» атты кітап көрмесіне шолу. Келген оқырмандардың ішінен Ж. Даулетьяров, Ж. Шайшева өз пікірлерін ортаға салып, Елбасымыздың жолдауын қолдайтынын мақтанышпен айтты.
Келесі кезекте кітапханашы А.Я.Тасымоваға сөз беріліп, «Біз бірлікпен мықтымыз» - атты кітап көрмесіне шолу жасалып, көрмедегі кітаптар насихатталды. Шараға 23 оқырман қатысты.

|