
«Время читать»
М.А. Булгаковтың туғанына 125 жыл толуына портрет кеші
Шара мақсаты: ХХ ғасырдағы орыс әдебиетінің классигі болып танылған жазушы екендігін таныстыру, шығармаларын насихаттау, оқушыларға орыс жазушысы М.А. Булгаковтың қоғамдық маңызы бар ірі шығармаларымен таныстыру. Орталық аудандық кітапхананың оқу залында М.А. Булгаковтың 125 жылдығына орай портрет кеші болып өтті. Кітапханашы Н.К.Джусупова жазушының қысқаша өмірбаянымен таныстыра келіп, оның шығармаларының қиын да күрделі, шытырмандарға толы екендігіне тоқтала кетті. Кеш барысында оқушыларды «Аңыз бен ақиқат» атты дайындалған бейне-слайдпен таныстырды. Әдебиеттің дамуына бар ынтасымен өз үлесін қосқан Михаил Афанасьевичтің шығармаларының тақырыбы үстемдік және адам, адамзаттың ішкі еркіндігі мен еріксіздігі, қайырымдылық пен кешірімділік, үздіксіз қарбалас күрес, сенімділік пен сатқындық, сыйыну мен жалбарыну сияқты «Мастер мен Маргарита», «Иттің жүрегі» шығармаларындағыдай. Кітапханашы О.Ш.Кубекова А.Ахматованың «Булгаков естеліктері» атты өлеңін оқып берді. Кеш соңында кітапханашы Н.К.Джусупова «Орыс прозасының алтын қоры» атты көрмеге библиографиялық шолу жасады.

|