23 ақпан күні Ақбұлақ ауылдық кітапханасында 4 – 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кітапханашы М.Имашева келген оқушыларға денсаулық, салауатты өмір салты туралы мәлімет беріп, сәйкесінше оқушылардан өз білгендері мен түсінгендері туралы сұрақ – жауап алынды. «Салауатты өмір – заман талабы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, денсаулық туралы кітапхана қорындағы барлық әдебиеттер таныстырылды. Оқушылар үйден дайындалып келген денсаулық, салауаттылық жайлы өлеңдерін оқып берді.
 
|