
7 маусым күні Орталық балалар кітапханасының филиалында №1 мектеп балабақша кешенінің жанынан құрылған «Балдәурен» лагерьі оқушыларының қатысыумен кітапханада кітап оқуға қызығушылығын ояту мақсатында «Электрондық оқулықтар және кітаптар» атты саяхат түріндегі шара өткізілді. Саяхат барысында кітапханашы С.Ш. Аленова балаларға кітаптардың шығуы және олардың әртүрлі дизайндары туралы айтып өтті. Оқырмандарға кітапхананың ережелері, оқу залы мен абономент туралы, кітапханаға қалай жазылу керектігі, кітапханадағы кітаптардың сөрелерге қойылу бағыттары жөнінде түсіндірілді. Саяхат соңында балалар өз беттерімен кітапханаға саяхат жасап, өздерін қызықтырған кітаптарды оқыды.

|