27 қараша күні Пугачев ауылдық модельдік кітапханасында 1 желтоқсан Президент күніне байланысты «Елбасы – елімен бірге» атты видео-экскурсия өтті. Қатысқандар: 15 адам. Жасөспірім топ.
Мақсаты: қазақтан шыққан тұңғыш көшбасшы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы , әрбір оқушыға нағыз көшбасшы туралы білімдерін кеңейту.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мейрамдары» деген заңында 1-желтоқсан бірінші Президент күні деп жариялап, қол қойды.
Біздің кітапханада да «Елбасы елімен бірге» атты іс-шара оздырылды. Кеш басталмай тұрып, кітапхана меңгерушісі Н.В.Львова кітап көрмесімен таныстырса, ал кітапханашы Ж.Т.Авчинникова презентация бойынша Президенттің өмірі мен шығармашылығын , Н.Ә.Назарбаетың жүрген еңбек жолдарына видео-экскурсия жасады.
|