Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Декабрь 2017  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    16.07.2025, 19:31
    Главная » 2017 » Декабрь » 04 » «Елбасы мұраты – ел бақыты!»
    10:04
    «Елбасы мұраты – ел бақыты!»

       30 қараша 2017 ж. № 1 МБК – нің кітапханасында № 1 қалалық кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен  1 желтоқсан ҚР Президенті күніне орай «Елбасы мұраты – ел бақыты!» портрет кеші өтті.

    Кітапханашы Ф.Қ.Қарабаева шараны  Қасым Аманжоловтың өлең жолдарымен ашып, тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстанда қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді, әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолымен, жоғары наградалар мен марапаттарынан  оқушыларға мәлімет бере отырып, «Ғасырдың ғажап адамы» тақырыбындағы бейнеслайдты таныстырды.

    Кітапхана меңгерушісі А.Ж.Қарақұлова « Елбасы – елдің тұтқасы» тақырыбындағы кітап көрмесіндегі әдебиеттерге библиографиялық шолуда, Елбасымыздың көреген саясаты,  Рәміздеріміз – әнұран, елтаңба,туымыз бар Мәңгілік ел болып қалыптасуымыздың арқасында Ата  заң аясында  дербес тәуелсіз мемлекет болғанымыз , биылғы жылы халықаралық деңгейде өткен «ЭКСПО – 2017» көрмесінің жақсы деңгейде өтуінің өзі үлкен мақтаныш – деп, Елбасының отбасылық суреттері, сыныптастарының естеліктері, шетел азаматтарының тілек – лебіздері таныстырылды.

    Айжан Жүсіпқалиқызы № 1 МБК – нің меңгерушісі Черевичная Татьяна Алексейқызына және кітапханашы Уржанова Анита Ханатқызына  алғысын білдіріп, еңбектері жемісті болуына, 10 а сынып оқушыларына еліміздің болашағы сіздер, сондықтан да тек білімді ұрпақ болыңыздар, Елбасымыздан үлгі ала отырып, тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ  сіздер – деп шараны қорытындылады.


    Просмотров: 346 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz