30 қараша күні №1 қалалық кітапханасында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы мен Елорда – егіз ұғым » атты ашық есік күні өтіп, №1 ЖББОМ - нің 8 сынып оқушылары қатысты. Кітапхана меңгерушісі ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай көптеген шаралар өткізіліп жатырғанын, тұңғыш Президентіміздің мәртебесін бекіту шын мәнінде ұлт болып ұйысуымыздың, жұрт болып жұмылуымыздың, ілгерілеуіміздің, ел ретінде жаңа деңгейге көтерілуіміздің көрінісі екенін айтып өтті.
Шара барысында «Елбасы – елдің тұтқасы» атты слайд көрсетіліп, «Елім менің», «Үшқоңыр» әндері шырқалды.
Оқушылар «Жан шуағы» атты елбасымыздың шағын жыр жинағынан туған жеріне, халқына арнаған өлеңдерінен үзінді оқып берді. Кітапханашы Ф.Карабаева «Ғасырдың ғажап адамы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, әдебиеттермен таныстырды.

|