15 қантар күні Аудандық орталық кітапханасынның кітапхана меңгерушісі С.М.Ихсанова мен кітапханашы Б.А.Бергалиева Ақсай қаласындағы АҚКП колледжінің 1-курс студентеріне барып Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және 2016 жылы 6 шы қантарда жария еткен мақаласымен таңыстырылды.
Кітапханашы Баян Бергалиева Жолдауда айтылған бес бағыт жөңінде мағлұмат берді. Сонымен қатар жолдауда "жастарды білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсендер мамандықтың бәрі жақсы Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын. Біздің тірегіміз-тәуелсіздік, тілегіміз-тұрақтылық, білегіміз-бірлік. Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін" деген елбасынның сөзімен аяқтады. Колледж студенттері өз ойларын ортаға салды.
|