
21 қаңтар күні № 1 қалалық кітапханасында Елбасы жолдауын қолдау, оқырмандарға насихаттап, түсіндіру бағытында «Елбасының жолдауы – басты бағдар» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізілді.
Шараға кітапхана жанындағы зейнеткерлерден құралған «Жүздесу» қызығушылар клубының мүшелері мен №1 ЖББОМ 8 ә сынып оқушылары қатысты. Шараны кітапхана меңгерушісі А.Қарақұлова кіріспе сөзімен бастап, Елбасы Жолдауының мән – мағынасын, еліміздің экономикалық дамуындағы маңызды рөлін айта келе, «Елбасы Жолдауы – жарқын болашаққа үндеу» атты бейнеслайдты ұсынды. Келесі кезекте «Елбасының жолдауы – басты бағдар» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, кітапхана қорындағы Елбасы Жолдауы, «Қазақстан - 2050» стратегиясы туралы барлық әдебиеттер мен БАҚ беттерінде жарияланған мәліметтермен таныстырды. «Жүздесу» клубының мүшелері А.Қабақбаева, Д. Нұржановтар өз пікірлерін білдіріп, ой бөлісті.
 
|