30 қараша күні 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген –Елбасы» атты танымдық сағатты өтті. Шараға ЖББОМ 7 «в» сынып оқушыларымен сынып жетекшілері қатысты.
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бүгінге дейін жасаған ерен еңбегі туралы оқушыларға баяндау.
Елбасының өмірбаяны, шығармашылығы, еңбек жолымен таныстыру мақсатында оқушыларға Елбасы туралы мәліметтер берілді, викториналық сұрақтар қойылды, ойындар ойнатылды. Оқушыларда Елбасы туралы мағлұматтарын ортаға салды. 7 «в» сынып оқушылары Сатканова Кәусар, Сейілхан Ділназ өздерінің патриоттық әндерін нақышына келтіріп орындады.
Сонымен қатар тақырыпқа орай «Елін сүйген –Елбасы» атты кітап көрмесіне ОБК- ның кітапханашысы Қ.Р.Мағзомова библиографиялық шолу жүргізді.
Қатысушыларға алғыс білдіріп, шағын сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңында ОБК –ның кітапханашы А.Т.Қыдыралиева Елбасының мынадай сөзімен аяқтады: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа».
|