Орталық аудандық кітапханада орыс жазушысы Ф.М.Достоевскийдің туғанына 195 жыл толуына орай жазушының «Бедные люди» атты романын талқылады. Шараға № 2 ЖББОМ-тің 9 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Назира Каменовна қатысты. Кітапханашы В.Иманова оқушыларға «Ф.М.Достоевскийдің өмірбаяны» атты бейне слайд арқылы жазушының өмірбаяны мен шығармаларына тоқталып өтті.
Достоевский Федор Михайлович – орыс жазушысы, Санкт-Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1877). Ол 1821 жылы 11 қарашада Мәскеу қаласында туған. 1843 жылы Санкт-Петербург әскери-инженерлік училищесін бітіреді. 1847 жылдан Михаил Петрашевскийдің қоғамына қатысқаны үшін 1849 жылы қамауға алынып, өлім жазасына кесіледі. Бұл жаза каторгамен ауыстырылып, 1850 – 54 жылдары Омбыда айдауда, кейін қатардағы солдат болды. Достоевскийдің «Бейшаралар» (1846 қазақшаға 1955 жылы Сәйділ Талжанов аударған) атты алғашқы романы оның шығармашылық қуатын танытты. Жазушы 1881 жылдың тоғызыншы ақпанында Санкт-Петербург қаласында қайтыс болған. Семейдегі 1857 – 59 жылдары тұрған үйінде Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы (1971) бар. Кітапханашы Н.Джусупова жазушыға арнап кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. Шараға қатысқан оқушылар мектеп бағдарламасында оқыған Ф.М. Достоевскийдің шығармалары туралы ой бөлісті.
|