2017 жылдың 21 шілдеде № 1 қалалық кітапхана мен Орталық балалар кітапханасы филиалында ЖББ №5 ОМ – нің «Балдырған» жазғы демалыс лагерінің қатысуымен «Кітапханаға қош келдің балақай!» атты кітапханаға саяхат өткізілді. Оқырмандарға №1 қалалық кітапхана кітапханашысы Ф.Қарабаева «Елбасы жолдауы – жарқын болашаққа жаңа қадам», «Қазақтың батыр қызы - Мәншук Маметова», «Жаңа әдебиеттер, Сіздер үшін» атты кітап көрмелерімен таныстырды.
 
Орталық балалар кітапханасы филиалының кітапханашысы С.Аленова балаларға арналған «Аспаптар үні», «Жануарға жақын бол» т.б. жаңа форматта шыққан музыкалық кітаптарды таныстырды.
 
|