23 сәуірде қала тұрғындарын кітап оқуға шақыру, ОКЖ-і бойынша жаңа келіп түскен әдебиеттермен таныстыру, жас оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау мерекесіне орай «Кітаппен болашаққа» атты шара оздырылды.

Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының орынбасары А.Т.Мусаева мерекелік шараны салтанатты түрде ашып, ОКЖ–нің кітапханашыларын мерекемен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық сәттілік тіледі.
«Кітап» дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.Ол адам баласының сан ғасырлық ақыл- ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жергілікті қаламгер Д.К.Нұрашованың «Ақ қайың» атты кітабының слайд–презентациясы оқырмандардың назарларына ұсынылып, жергілікті ақын Д.К.Нұрашованың өлеңдері оқыды.

№1 қалалық кітапханасы Ақсай қаласының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшесі, қаламгер Мұхтар Бокаев алдағы жоспарларымен, ой – пікірлерімен оқырмандармен бөлісіп, кітаптарының шығу тарихымен таныстырды.
1995 жылы 23 сәуір «Халықаралық кітап күні» деп аталғаннан бері бұл мереке әлем деңгейінде аталып келе жатыр. Адамзат тарихындағы құны жетпес балалар кітаптарының тарихы да ғасырлармен үндесіп жатыр дегендей ақпараттық-библиографиялық бөлімі мен Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап патшалығы» атты ашық көрсетілімі көрсетілді. Ал Орталық балалар кітапханасы филиалы Г.Х.Андерсеннің шығармашылығына байланысты «Ертегілер еліне саяхат» атты ойын – трениг ұйымдастырды. №2 қалалық кітапханасы тұрақты оқырмандарды шақырып, «Кітаптар кафесіне» атты шарасын өткізді.
Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдағанымен, адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймаса керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» - деген Абай «кітап» атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық досымызға айналдырайық!
|