26 қаңтар күні Аралтал ауылдық кітапханасында 3-4 сынып оқушыларымен «Компьютер және интернет» атты ойын-викторина өткізілді. Шара барысында кітапханашы Ж.Нургушбаева қазір техниканың даму ғасыры болып табылатынын, өмірімізге тез енген компьютердің пайдасы мен зиянды жақтары, компьютерді және ғаламторды пайдалану қауіпсіздігі туралы баяндап, «Компьютерлік ойындардың және теледидар, ұялы телефон бағдарламаларының балаға әсері» атты бейнешолуды ұсынды. Келесі кезекте балаларды екі топқа бөліп «Компьютер туралы не білеміз?» атты сұрақ-жауап жүргізіліп, жұмбақтар жасырылды. 4 сынып оқушылары дайындаған «Кітап пен компьютер» тақырыбында көрініс көрсетіліп, оқушыларға «Компьютерді пайдаланушының техникалық қауіпсіздік ережесі және пайдалы кеңестер» атты жадынама таратылды.
 
|