25 желтоқсан күні Аудандық мәдениет үйінде Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторының ұйымдастыруымен «Әлемді жүрекпен сеземіз»атты ауызша журнал өткізілді.
Бұл шараның басты мақсаты: Халықаралық зағиптар күнін атап өту, оқырмандардың басын біріктіріп, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беру, дауыстап оқып беру, асыл сөздің мәнін білетін жандарға осындай шаралар ұйымдастыру арқылы қуаныш сыйлау.
Шара басында сөз алған сектор меңгерушісі Г.О. Малбағарова бұл атаулы күннің маңыздылығына тоқталып,келген оқырмандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап және жыл бойы үзбей кітап оқып келген және өткізген іс-шараларға белсене қатысқан оқырмандарды марапаттап өтті. Содан кейін жиналған оқырмандар назарына бедерлі-нүктелі қаріпін ойлап тапқан педагогтар туралы слайд-презентация және фильм ұсынылды. Сонымен қатар оқырмандарға мүгедектер қоғамдық қоры атынан сыйлықтар табыс етілді.
Осы шара барысында Аудандық демалу орталығының әншісі Мұхит Бранов, сектордың тұрақты оқырмандары Асмамбетов Амангелді мен Шайшева Жаңыл апай ән шырқап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл -күй сыйлады. Шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, дендеріне саулық, жұмыстырына шығармашылық табыс тіледі.
|