10 желтоқсан күні Пугачев ауылдық модельдік кітапханасында «Әлеуметтік жаңғыру – ел игілігі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді өткізудегі басты мақсат Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ еңбек Қоғамына 20 қадам атты еліміздің Президенті – ұлтымыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақаласын талқылау .
Кешті кітапханашылар екі тілде жүргізді. Шара ҚР әнұранымен ашылды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған бейнеролик көрсетілді. Дөңгелек үстел кезінде ауыл әкімі Қазжанов Талғат Кенжеғалиұлы дөңгелек үстелге қатысып отырған қонақтар мен оқырмандарды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. 25 жылда істелген ауыл тынысымен таныстырды. Ауылдық амбулаторияның бас маманы С.Жарылгасова денсаулық саласы бойынша дайындаған баяндамасын оқыды. Киелі білім ордасынан келген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Байқадамова мен мектеп кітапханашысы Ә.Капашева қысқаша мектеп тынысымен таныстырды. Пугачев ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі Н.В.Львова кітапхананың жұмысымен таныстырды.Ауылдық мәдениет үйінен келген Т.Жупиев қысқаша мәдениет ошағының жұмысымен таныстырды. Мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Шараның қорытындысы қатысушылардың барлығы өз ойларын ортаға салып, ел тәуелсіздігінің мерейтойына арналған тілектерімен қорытындыланды.
 
|