28 қараша күні орталық балалар кітапханасының филиалында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» атты видео - викторина өткізілді. Орталық балалар кітапханасы филиалының менгерушісі Губская Г.В. «Тенге независимый символ Казахстана» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Викторинаға №1 мектеп балабақша кешенінің 8 «Б», 8 «В» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар «Финансист» және «Банкир» болып екі топқа бөлінді. Видео - викторина үш кезеңнен тұрды «Тенге наше достояние» атты сұрақ-жауап бөлімі, «История национальной тенге» видео сұрақтарға жауап беру және «Числа в произведениях» санмен байланысты шығармаларды табу . Екі топ та белсене қатысып «Финансист» тобы 1 орынға ие болып, жеңімпаз атанды. «Банкир» тобы екінші орынды иеленді. Шара соңында ОКЖ директоры Нұрашова Дариға Кеңесбайқызы қатысқан оқушыларға белсене қатысқандары үшін алғыс білдіріп , қатысушыларды естелік сыйлықтармен марапаттады.
 
|