2016 жылдың 18 мамыр күні сағат 10-00 де Бөрлі ауданының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларында (синхронды түрде, 28 кітапхана) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау негізінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Ашық диктантқа аудан мекемелері қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, жалпы білім беру орындарының жоғары сынып оқушылары, ниет білдіруші барлық тұрғындар қатысты. Жалпы қатысушылар саны -236, соның ішінде 32-орыс, 14-татар, 11- украйн, 5-мордва, 2-башқұрт, 2-белорус, 1-шешен, 1-кәріс ұлтының өкілдері болып табылды.
Диктант мәтіндерін тіл мамандары, кітапханашы-мамандар оқыды.
|