Елбасының биылғы Жолдауы мүмкіндігі шектеулі жандардың шешілмей тұрған өзекті мәселелерін жандандыруға септігін тигізеріне сеніміміз мол. Өйткені, өркениетке қадам басып, дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен мемлекетімізде әлеуметтік саланы дамытумен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік, рухани жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылған. Биылғы Жолдаудың тағы бір ерекшелігі – қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасау. Елбасының биылғы Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстыру мақсатында орталық кітапхана мен Бөрлі ОКЖ-ң мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жолдау – 2014: жаңа жетістіктер жолында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге есту қабілетінен айырылған азаматтар, әлеуметтік сала және мәдени қызметкерлер қатысты.
Шара барысында аудандық кітапхананың меңгерушісі М.У.Сарсенғалиева «Мәңгілік ел – қуатты мемлекет құрудың ұлттық идеясы» атты слайд- презентация түрінде Жолдаудың маңызды бағыттарымен жиналғандарды таныстырып, сурдоаудармашы Р.С. Джумабекованың көмегімен мүгедектерге түсіндірілді. Дөңгелек үстелде мүгедектер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, әлеуметтік қызметкерлер өз пікірлерін ортаға салды.
|