20 қаңтар күні орталық аудандық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Мақтан тұтар алып тұлға» атты еске алу кеші өткізілді.
Шараға №2 ЖББОМ 9 а сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Ж.Салыхова және кітапхананың тұрақты оқырманы Дәулетияров Жолдығали аға қатысты. Кітапхана меңгерушісі Б.Бергалиева өз алғысөзін Елбасының «Д.Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам» деген сөзімен бастап, Д.Қонаев туралы толық мәлімет беріп, «Заманының заңғар тұлғасы» атты бейнероликті ұсынды. Келесі кезекте кітапхананың тұрақты оқырманы Ж.Дәулетияров өз ойымен бөлісіп, еңбегімен елінің есінде қалған Д.Қонаев туралы, ел тарихындағы ұлы тұлғалар туралы әңгімелеп берді. Шара соңында тақырыпқа сай жасақталған «Ұлтымыздың Ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіліп, кітапхана қорындағы бар әдебиеттер ұсынылды.
 
|