23 қараша күні 1500 – де Пугачев ауылдық модельді кітапханасында орта топ оқырмандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күндер аясында «Мемлекеттік шекара – елдің қауіпсіздігі» тақырыбындағы әдеби компас шарасы өткізілді. Кешті кітапхана меңгерушісі Н.В. Львова өзінің алғысөзімен ашып, оқырмандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап және өзімен бірге сүйікті Отанымызды аралауға, яғни «әдеби компасқа» саяхат жасауға шақырды.
Саяхат станциясы бойынша оқырмандар өлеңдер оқыды,викториналық сұрақтарға жауап беріп, мақал – мәтелдерді жалғастырды. Әрбір орындалған тапсырмалар үшін балалар кітаптан сыйлық түріндегі ақпаратты алып тұрды, түпкі нәтижесінде компасты құрастырып , кітапхана оқырмандарына арналған жолдауды тауып, оқыды.
Өз Отанымызға бір сағат ішінде саяхат жасап, талай қызықты мәліметтерге қанық болған жас оқырмандар көтеріңкі көңіл – күймен тарқасты.

|