9 сәуір күні қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығына орай «Менің атым Қожа» повесін талқылау, балаларды адамгершілікке, сыйластыққа, түсініспеншілікке баулу мақсатында 6«ә»сынып оқушыларының қатысуымен (сын. жет.А.К.Садирова) «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш оздырылды. Оқушыларға слайд арқылы Б.Соқпақбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы хақында сыр шертетін естеліктер мен фото деректер көрсетілді.
«Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілгені және 1967 жылы бұл фильм Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болғаны туралы айтылды. Шара барысында балаларға викториналық сұрақтар қойылып, сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар фильмнен үзінді көрсетіліп, балалар өз көзқарастарын ортаға салды. Оқушыларға парақ беттер таратылып, Қожаның жағымды және жағымсыз жақтарын жазуға тапсырмалар берілді. Балалар әр тапсырмаларды қызығып орындап, белсене қатысты. Кеш «Жылулық сыйлау» тренингімен аяқталды.

|