Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің туған күніне облыстық балалар «Атамекен» акциясы жарияланды.
Акцияның мақсаты: Жасөспірім балаларды туған елінің патриоты болуына, отанын сүйюге шақырып, Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттау.
Акцияға қатысушылар: Жергілікті ақын, ісмер: Құсаинова Дәмелі апай, №3 ЖББОМ «9» сынып оқушылары.
№2 қалалық кітапхананың меңгерушісі: М.А.Джусубалиева ақынның өмірі мен шығармашылығын баяндады. Қадыр Мырзалиев 5 қаңтар 1935 жылы Орал облысы Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Қадір Мырза Әли шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады. Ақынның қаламынан ертегілер мен балладалар , сюжетті өлеңдер мен пейзаждар, мысалдар мен мазақтамалар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар шыққан. Ол Овийдің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің және т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.
Жазушы Қадыр Мырза Әлидің кездесу кешіне қатысқан жергілікті ақын, батыр ана: Құсаинова Дәмелі апай сөз кезегін алып жалғастырды. Дәмелі апай оқушыларға ақынның парасаттылығын, кішіпейілдігін әңгімелеп, өледерін оқып, іс шара соңында жасөспірім балаларды Отанымыздың патриоттары болуларына шақырды.
|