2015 жылдың 23 маусым күні балалар кітапханасы филиалында №1 мектеп-балабақша кешені жанынан ашылған «Ақ желкен» лагерінің меңгерушісі О.В.Светлакованың бастамасымен 20 оқушыдан құралған топ кітапханаға экскурсия жасады.
 
Экскурсия барысында «Путешествие по сказкам Пушкина» атты ойын-саяхат өткізіп, жалпы кітапханамен таныстырылды. Шараны кітапхана меңгерушісі Г.В.Губская ашып, Пушкин шығармашылығымен таныстырып, жалпы кітапханадағы бар мәліметтер бойынша «У Лукоморья» атты слайд арқылы жазушының шығармашылығы туралы толық мәлімет беріп, «Писатель, поэт, путешествинник» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Ойын – саяхат түрінде қойылған сұрақтарға Гульвас С., Сиволоб Д., Попкова А. белсенділікпен жауап беріп, ерекше көзге түсті. Шара соңында лагер оқушылары үшін «Дом книги» атты кітапханаға экскурсия жүргізілді. Оқушыларға кітап туралы, бірінші кітап басушылар, баспа құралдары, кітапхана туралы мәліметтер туралы айтылып, каталог, картотеке, кітапханаға жазылу, керек кітапты қалай іздеу керектігі туралы айтылды.
|