22-қыркүйек
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай Орталық балалар кітапханасында №3
мектептің 6-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Мұрат Гүлшат Қанатқызы «Тілім
менің –қасиетім, ардағым» атты танымдық сағаты оздырылды.
Жас
ұрпақты ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін құрметтеу
мақсатында өткен бұл шарада балалармен жұмыс әдіскері С.Меңдібаева «Ана тілім –
мерейім » тақырыбында оқушыларға ана тілінің қадір – қасиетін біліп, ана
тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін бойымызға сіңіріп, ана тілінің
мәртебесін көтерудің маңыздылығына
тоқталды.
Шараға
қатысушы оқушылар Б.Шайымбетов, Д.Таубаева, Э.Ғұбашова, А.Тюмебаева,
Т.Искалиева, А.Дүйсенова тілге деген құрметтерін жүрекке ұялаған өлеңдерімен
жеткізді.
«Ана тілі –
білімнің кілті» сұрақ –жауап
викторинасын кітапханашы Қ.Р.Магзумова жүргізіп, «Ана тілім - ардақтым»
атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Шара
соңында Р.Тәжиева, Г.Дүкенова, Т.Илекеевтің орындауындағы «Анамның тілі – аяулы
үні» әні тіл мерейін одан әрі асқақтатты.