Қазақстан Республикасының Асасмблеясының құрылғанына 20 жыл орай жыл бойына старт жүргізілуде. Осыған орай 2015 жылдың 6 ақпанында Орталық балалар кітапханасында «Ынтымақтастық – достық кепілі» атты шара оздырылды.

Мақсаты: Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығы, ұлттық қарым –қатынасын нығайтуға тәрбиелеу. Отанын сүюге, халықтар достығын, ұлтаралық қарым–қатынасты сақтауға тәрбиелеу, Қазақстанға деген потриоттық сезімін ояту.
ОБК–ның кітапханашылары Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай атап өткелі тұрған жылдық акцияны Н.Назарбаевтың бекіткен жарлығымен ашты және Ассамблея туралы оқырмандарға көптеген мәліметтер баяндады. Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қ.Р-ның Президентінің Жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы кеңесші орган болып табылады.
Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны мәлім.
«Достық пен бірлік – бұл толеранттық» атты кітап көрмесіне Қ.Р.Мағзомова библиографиялық шолу жасады. Оқырмандар Отан, достық туралы өлеңдер оқып, мақал–мәтелдер айтты. Бір–біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы көңіл–күймен тарасты.
|