2015 жылдың 12 ақпанында Орталық балалар кітапханасының филиалында дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Оқырман отбасы» байқауы оздырылды.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты кітапты ең көп оқитын, ұшқыр ойлы, тапқыр отбасыларды анықтау. Сайысқа Жаңабаевтар, Изгалиевтар, Жантасовтар отбасылары қатысты.
«Оқырман отбасы» сайысы төрт айналымнан тұрды: 1-айналым. «Отбасының шежіресі, бәйтерегі». Байқауға қатысушылар отбасының әрбір мүшесін слайд бойынша таныстырса, 2-айналым. «Ырыс алды-ынтымақ». Бұл айналымда Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына орай әр отбасы өзінің сүйіп оқитын әлем халықтарының (орыс, татар, қазақ, неміс, болгар, ағылшын, испан, молдаван т.б.) шығарма желісінен үзінді, я болмаса ертегісінен көрініс көрсету. «Өнегелі отбасы құндылығы» атты 3-айналымда қолөнер көрме ұйымдастырып, отбасының эмблемасымен таныстырды. «Зерделінің ойы ұшқыр» эрудиттер байқауы атты 4-айналымда отбасы берілген сұрақтарға жауап берді.
Әділқазы алқасының мүшелері ОКЖ директоры Д.К.Нурашова, әдіскер А.А.Бердбекова, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету секторының меңгерушісі Г.У.Малбагарова отбасылардың білімдері мен таланттарын әділ бағалады. Байқау соңында Жаңабаевтар отбасы 1 орынды, Изгалиевтар отбасы 2 орынды, Жантасовтар отбасы 3 орынды иеленіп, алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.
|