16 қаңтар күні Жарсуат ауылдық кітапханасында Жарсуат ЖББОМ 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Притяжение ЭКСПО:политическая орбита» тақырыбында көрме-вернисаж өткізілді. Кітапхана меңгерушісі С.Айтмаганова шараны өткізудегі басты мақсат - қазіргі таңда еліміз қол жеткізіп отырған ғылыми жетістіктер, экономикалық даму саясаты туралы айтып өтіп, «ЭКСПО-2017: Энергия будущего» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кітап көрмесі вернисаж түрінде жасақталғандықтан кітаптармен қатар оқушылардың «ЭКСПО-2017», «Жасыл экономика» тақырыбында салған суреттері мен папье-машье жұмыстары қойылды. Оқушылар әр жылдары әр елде өткен ЭКСПО көрмелері туралы мәлімет алып, көрме нәтижесінде танымал болған ғылыми-техникалық жаңалықтармен танысты.
Сонымен қатар Жарсуат ауылдық мәдениет үйінің көрермен залында мәдениет үйі қызметкерлері мен ересек топ оқырмандарына слайд – презентация көрсетіліп, «Всемирная выставка ЭКСПО-2017» тақырыбындағы бейнеролик ұсынылды.
 
|