18 қыркүйек
күні Пугачев ауылдық кітапханасында
«Тіл тағдыры-ел тағдыры» дөңгелек үстел, библиографиялық шолу өтті.
Қатысқандар -21адам, кіші және орта топ. Конституциямыздың
7-ші бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп
көрсетілген.
Мемлекеттік тілді білу — әрбір
Қазақстан азаматының борышы. Қазақ тілі өте бай, көркем тіл. 22 қыркүйек
қазақстан халықтарының тілдері күні. Әр ұлттың өз ана тілі бар. Туған тілге
деген сүйіспеншілік бала кезден басталады, ана сүтімен бойға сіңеді. Өз
халқының мәдениетіне, дәстүріне деген көзқарас туған тіліңді білуден басталады.
Өз тіліңді құрмет тұту-ең басты мәселе.
Іс-шара
мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірге өткізілді. Үйірме жетекшісі А.Ж.Жакипова
оқырмандарға мемлекеттік тіл туралы қысқаша баяндама оқыды. Тіл туралы
мақал-мәтелдерді жалғастырып айтуда,
оқырмандар. Қ.Шалабаев, А.Каиргузин, С.Ғалиев, А.Шангереев белсене
қатысып марапатталды. Шара соңында кітапханашылар «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты
кітап көрмесіне библиографиялық шолу
жасады.