27 қарашада Пугачев ауылдық модельді кітапханасында ҚР Президенті күніне орай «Менің тұңғыш президентім» тақырыбында әдеби-монтаж өткізілді. Шараға 15 оқырман қатысты.
Шараның мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде, өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар. Бірақ, ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Оқырмандар президент туралы өлеңдер оқыды, жаңа түскен әдебиеттен «Елбасы сыныптастары» атты кітаппен танысты.
Кітапханашы Ж.Т.Авчинникова «Менің тұңғыш президентім» атты кітап көрмесімен таныстырды.А.Кужахметова, А.Құрман, Д.Ильясова, Е.Султанов сынды оқырмандар Елбасының өмір жолын, туған жері, Елбасының қызметі туралы айтты. Іс-шараның соңында оқырмандар назарына «Менің тұңғыш президентім» слайд-шоу ұсынылды.
|