Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Апрель 2015  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    18.07.2025, 04:52
    Главная » 2015 » Апрель » 20 » Пугачев ауылдық модельді кітапханасы «Үздік оқырман отбасы - 2015»
    08:57
    Пугачев ауылдық модельді кітапханасы «Үздік оқырман отбасы - 2015»

          3 наурыз  күні Пугачев моделді  ауылдық кітапханасында  «Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі»  ұранымен  «Үздік оқырман отбасы - 2015» аудандық байқауы  оздырылды.

          Байқауға Пугачев, Аралтал, Бесағаш ауылдарынан мәдени оқу дағдысы қалыптасқан,отбасылық оқу тәжірибелері бар отбасылар қатысты     Олар: Пугачев ауылынан  Кузеняткиндер отбасы, Қыдыралиевтер отбасы, Капашевтар отбасы,Аралтал ауылынан Әжіғалиевтар отбасы,Бесағаш ауылынан Беляловтар отбасы. Байқауды жүргізуші кітапханашылар  Ж.Т.Авчинникова мен Ж.М.Нургушбаева  шараға жиналған қонақтар мен көрермендерге қош келдіңіз дей отыра, қатысушы отбасыларды таныстырып өтті. Байқау екі тілде және төрт айналымнан тұрды.

    1.      «Отбасының шежіресі,бәйтерегі» айналымы бойынша  қатысушылар отбасының  әрбір мүшесін слайд  бойынша таныстырса,

    2. «Ырыс алды-ынтымақ» айналымы бойынша Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына орай әр отбасы өзінің сүйіп оқитын әлем халықтарының шығарма желісінен үзінді оқып, ертегісінен көрініс көрсетті.

    3. «Өнегелі отбасы құндылығы» айналымы бойынша қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, өз отбасыларының құндылықтары көрсетіліп, қолөнерлері тамашаланды. 

    4. Эрудиттер байқауы  «Зерделінің ойы ұшқыр» айналымы бойынша  отбасылар  қазақ хандары, қолөнері, ұлттық тағамдары, ертегілері, батырлар жыры тақырыбындағы сұрақтарға тез және  ұтымды жауап бере білді.

    Ұйымдастырушылар  көрермендерге де көңіл бөліп, сұрақ – жауаптар жүргі-зіп, белсене қатысқан оқушыларға  тәттілер үлестірді.

        Саз мектебінің мұғалімі З.Т.Төреғалиева «Адай»күйін орындап, оқырмандар көңілін бір көтеріп тастады. Байқау қызықты да, өз мәресінде өтті.

         Әділқазылардың әділ шешімі бойынша бас жүлдеге Әжіғалиевтер отбасы, 1 орынға Кузеняткиндер отбасы, 2 орынға Капашевтар мен Беляловтар, 3 орынға Қыдыралиевтар отбасы ие болды. Жеңімпаз отбасыларға  дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Байқау қонақтары  Бөрлі ауданының  ОКЖ- нің директоры Д.К.Нурашова мен жасөпірімдер  және балалармен жұмыс әдіскері А.Мулькаманова отбасыларды жеңістерімен құттықтап, рахмет айтты.

          Кітапхана ұжымы байқауымыздың  тұрақты демеушілері. «Агровик»- Колесников В.Б жекеменшік шаруашылық серіктестігіне, «Таң» дүкеніне-Танабаева А.С., Аралтал ауылынан  Хасенова Жамила Бітімғалиқызына зор ризашылығын  білдіріп, отбасыларына бақыт тілейді.

    Просмотров: 455 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 5.0/1
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz