3 ақпан күні Жарсуат ауылдық кітапханасында қысқы Универсиаданы қолдау мақсатында «Рекордов новых близок час» атты әдеби – танымдық сайысы өткізілді. Шараға 2, 4, 6 сынып оқушылары қатысты. Кітапхана меңгерушісі С.Айтмаганова шараның мәні мен мақсаты, қысқы Универсиаданың тарихы туралы баяндады. Кітапханашы Л.Калибатова «Универсиада – 2017. Вперед к Победе!» атты кітап көрмесіне шолу жасап, спорт туралы кітаптар мен басылым беттерінде жарық көрген мақалаларды таныстырды. Келесі кезекте оқушылар «Мысль» және «Ураган» топтарына бөлініп, викториналық сұрақтарға жауап беру, жаттығу жасау, сурет бойынша әңгіме құрастыру сынды айналымдар бойынша жарысып, «Мысль» командасы үздік деп танылды. Оқушылар шарадан көтеріңкі көңіл-күймен тарады.
 
|