23 қаңтар күні Тихонов ауылдық кітапханасында 3 сынып оқушылары және мектеп кітапханашысы Ж.Аманкулованың қатысуымен ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Сен құрметте оны» атты әдеби кеш өткізілді. Кітапханашы А.Темирова ақынның өмірі, шығармашылығы туралы баяндап, «Көңіл назы» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді. Шараға қатысушы оқушылар да ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды. Кеш соңында кітапханашы «Жезкиік ақын» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, әдебиеттермен кеңінен таныстырды.
|