Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан -2050» стратегиясында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың жаңа басымдылықтарын нақты анықтап берді. Сонымен қатар, қазіргі жаһандану дәуірінде Елбасы отандық патриоттылықты дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде алға тартып келеді. Бүгінде тәуелсіз қазақстанымыздың жарқын болашағын құруға, қазақ елін өркендетуге үлесін қосатын ұрпақ қажет екені сөзсіз.
Осы орайда жасөспірімдердің бойындағы патриоттылықты дамыту мақсатында 11 – ші қараша күні Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Сен өз еліңнің патриотысыңба?» деген тақырыпта ток шоу өткізіліп, жалпы патриоттық тәрбиесі туралы сөз қозғалды. Шараға кітапхананың жасөспірім оқырмандары және студияға арнайы шақырылған психолог маман Алтын Орынбайқызы, журналистика саласының маманы, диктор Рая Төреханқызы, БЖСМ – нің жаттықтырушысы Қасым Маратұлы, ата- ана Венера Сәрсенғалиқызы, 11 – ші сынып оқушысы Нұрболат Бимагамбетов қатысты.Шара өте тартысты өтіп, оқырмандар өз ойларын ортаға салып, белсенді қатысып отырды.

|