Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Декабрь 2016  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    17.07.2025, 03:39
    Главная » 2016 » Декабрь » 07 » «Шаңырағым – шаттығым»
    09:07
    «Шаңырағым – шаттығым»

      2016 жылдың 2 желтоқсан күні Ақбұлақ ауылдық кітапхана меңгерушісі М.Имашеваның  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған «Шаңырағым – шаттығым» атты отбасылық байқау өткізілді.

    Байқаудың мақсаты: отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу, отбасылық қатынасты және ата – аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізуге баулу.

    Байқауға Наурызовтар жанұясы, Бақыт жанұясы, Сұлташевтар жанұясы қатысты. Жанұялар 4 айналым бойынша бақ сынасты. «Сұрасаң менің тегім...» айналымында жанұялар өздерін өлеңмен жақсы таныстыра білді.

    «Мақал – сөздің мәйегі» айналымында жанұялар өздерінің білімділіктерін, тапқырлықтарын көрсетіп, Бақыт жанұясы алға шықты.

    «Бала тілі -бал» айналымында байқауға қатысушы жас үміткерлер өз өнерлерін ортаға салып, бір – бірінен қалыс қалмады.  

    «Шаңырағым - шаттығым» айналымында жанұялар үйге берілген  тапсырма бойынша ертегіден көрініс көрсетті.

    Байқауда жанұя жарасымдылығын, татулығын көрсете білген Бақыт жанұясы жүлделі 1 орынды иеленді.

    Әділ қазылар шешімімен «Өнерлі шаңырақ» номинациясы Наурызовтар жанұясына, «Өнегелі шаңырақ» номинациясы Султашевтар жанұясына берілді. Барлық жанұялар бағалы сыйлықтар мен «Алғыс хатпен» марапатталды. Кештің соңы мерекелік ән - шашуға ұласты.


                 

    Просмотров: 411 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz