Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында – Бүкіләлемдік жахандану заманында әр бір салаларда шоғырланудың қажеттілігін алға тартады.
Ғылым, денсаулық, білім, бизнес, экономика, мәдениет шеңберлерінде басқа елдермен қарым-қатынас орнығып, жемісті ынтымақтастық құрылуда. Қазіргі таңның талабына сай №2 Қалалық кітапханада, Ақсай қаласында тұрып, еңбектеніп жүрген шетел азаматтарға «Шетлдік оқырман және кітапхана» атты жобасы қолға алынып, 5 қыркүйек күні тысау кесу рәсімі –КПО бв департаментінің директоры: Туччи Манлионың қатысуымен оздырылды.
Шара сәлемдесумен ашылды, кейін сөз кезегін – ОКЖ директоры: Д.К. Нұрашова алып, кітапханаларға түйіндеме берді. Соңынан жоба қорғалып мақсаты, бағыты және нәтижесі кітапхананың қасиетті құралы-кітап арқылы орындалатыны жария етілді. Бұл жобаның басты мақсаты: шетелдік азаматтарға Отандық жазушылардың шығармаларын, өнерімізді, мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттап, сүйіспеншілік еңгізу. Іс шара барысында адам зат өмір бойы кітапқа жүгініп-көмек, ақыл, нәр, кеңес алатындығы әңгімеленді. Іс шара аясында халқымыздың «Ат қою» ырымын слайд арқылы тамашалап, шара қонағы: Туччи Манлио қазақтың «Ат қою» рәсіміне қатысып, жаңа туған нәрістенің құлағына үш мәрте «Руслан!»-деп, есімін берді. Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді даму бөлімінің меңгерушісі: А.Ж.Көшкенбаев «Шетелдік оқырман және кітапхана» жобасына бағасын беріп, қортындылады.

|