18 мамыр күні Илья Жақановтың туғанына 80 жыл толуына орай орталық аудандық кітапханада «Сырлы жүрек пернесі» әдеби сазды вернисаж болып өтті.
Мақсаты: Жазушы, композитордың кітапханада бар әдебиеттерімен таныстыру, өмір жолымен шығармаларына шолу, әндерін шырқау.Кітапханашы Баян Айтқалиқызы Илья Жақановтың шығармашылығына тоқталып өтті. Ол халқымыздың рухани мәдениетінің інжу – маржандарына айналған Илья Жақановтың композиторлық өнерінен басқа жазушылығы мен өнер зерттеушісі ретіндегі қызметінің маңызы орасан зор екенін . Әсіресе, Илья Жақанұлының өнер зерттеушісі ретіндегі рөлі ұшан теңіз. Оның дәлелі бүкіл қазақ елінің халық композиторлары мен халық әншілері туралы деректерді өз сөзімен айтқанда «жарық күнде қолына шам ұстап» іздеп тауып қалың жұртшылық игілігіне айналдырғаны Ол – тамаша қаламгер жазушы, шебер драматург, ел ішін ерінбей - жалықпай шарлап халық әндері мен әншілер туралы дерек іздеуші фольклоршы, саяхатшы - ғалым, қазақ радио пьесасы атты өнер саласының негізін салушы, халық композиторлары мен халық әншілері туралы телехабарлар жүргізудің майталман шебері болғанын келген қонақтар мен оқушыларға таңыстырып өтті. Кеш барысында . И.Жақановтың әндері жастар арасында жақсы танымал. Ол “Жайлаукөл кештері”, «Еділ-Жайық» әңдерін аудандық демалу орталығының әншілері Бірәнов Мұхит пен Жылқыбаев Қамбар шырқап берсе, “Асылым” әнін кітапханашылар Хайруллина Асыл мен Бергалиева Баян тамылжыта шырқап кешке келген қонақтарға әң шашу ретінде тарту етті.

|