Өткен жылы Елбасының Жарлығымен 21 мамыр ресми түрде мәдениет және өнер қызметкерлері күні деп белгіленген болатын.
Дәл осы күні аудандық Мәдениет үйінде аталмыш мереке орай «Өнер мен мәдениет – ел мұрасы» атты салтанатты мерекелік шара оздырылды. Шара барысында алдымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ресми сайтының ашылғаны жөніндегі жағымды жаңалық жария етілді.
Ауданымызда мәдени тағлым мен тәрбиені қалыптастыруда тер төгіп жүрген ОКЖ орталық балалар кітапханасының меңгерушісі С.Тасымғалиева облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Айдар Батырхановтың атынан «Құрмет грамотасын» иеленді.
Ұлттық мұрамызды насихаттауда, рухани-эстетикалық тәрбие беру жолында белсенділік танытып жүрген ОКЖ-нің әдістемелік жұмыс бойынша директордың орынбасары А.Т.Мусаеваны және Пугачев модельді ауылдық кітапханасының меңгерушісі Н.В.Львованы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Көшкенбаев әріптестерді төл мерекелерімен құттықтай отырып, ауданымыздың мәденит саласының дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан №2 қалалық кітапханасының меңгерушісі М.А.Джусупалиева мен Жарсуат ауылдық кітапханасының меңгерушісі С.К.Айтмаганованы «Алғыс хатпен» марапаттады.
Сондай-ақ, Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Д.К.Нурашова Ақбұлақ ауылдық кітапханасының меңгерушісі М.Б. Имашова, Кентүбек ауылдық кітапханасының меңгерушісі Ж.А.Маргиева және ақпараттық- библиографиялық бөлімінің библиографы Ж.К.Мубаракова сынды қызметкерлерге «Алғыс хат» табыстады.
|