Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Декабрь 2013  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    08.07.2025, 22:01
    Главная » 2013 » Декабрь » 18 » «Тәуелсіз Қазақстан әдебиеті»
    15:03
    «Тәуелсіз Қазақстан әдебиеті»

           Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында орталық кітапхананың оқу залында  Ақсай техникалық колледжі студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстан әдебиеттері» атты әдебиеттердің ашық көрсетілімі, құнды әдебиеттердің электронды шолуы өткізілді.
          Шараның мақсаты жас оқырмандарды кітап оқуға тарту, тарихы ежелгі ғасырлармен үндескен, талай қиялардан сүрінбей өтіп, бүгінгіге жеткен Қазақ кітабының тарихын шолып, тәуелсіздіктің жемісі - ұлттық жоба «Мәдени мұра» бағдарламасының жетістіктерімен таныстыру, кітапхана қорындағы бірегей әдебиеттерді насихаттау.

    novyj_risunok-2    

           Шара барысында  жас оқырмандар «Тәуелсіздік шежіресі» бейне фильмін тамашалап, «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы электронды шолуымен танысты. Шолу «Мәдени мұра – мәңгілік қазына», «Ақжайық әдебиеті» атты 2 бөлімнен тұрды. Шолудың бірінші бөлімінде кітапхана библиографы Н.Ерменғалиева «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша  келіп түскен кітапхана қорындағы бірегей әдебиеттерді атап айтсақ, қазақ фольклорының тұңғыш  толық жинағы «Бабалар сөзі» атты 100 томдық ғылыми басылымы, «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясымен шыққан әлем классиктерінің 100 томдық тұңғыш қазақша аудармалары, ежелгі дәуірден  бүгінге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихын толық қамтитын 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты басылымы, «Қазақ халқының философиялық мұрасы», «Қазақтың ата  заңдары», «Қазақстан  тарихы этникалық зерттеулерде», т.б. кітаптармен, сондай-ақ,  «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні», «Қазақтың батырлық жырлары» атты  көлемді, цифрлік тасымалдағышқа көшірілген халқымыздың әдеби –сазды мұраларымен жас оқырмандарды таныстырып өтті. Сонымен қатар, осы дисклерден халық әні «Жылқы ішінде бір ала», Махамбеттің «Нарын» күйі тыңдалып, зор әсер қалдырды.
               «Мәдени мұра» шеңберінде туған өлкемізде атқарылған зерттеулер, оған қатысқан ұжымдар туралы кітапханашы Бергалиева Б.А. «Ақжайық әдебиеті» атты бөлімінде тоқталып өтіп, Жайық өңірінде басылып шыққан бірегей туындылар: облыс әкімдігінің қолдауымен шыққан «Ақжайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясы, Батыс Қазақстан облыстық тарих, археология орталығының басылымдарымен, «Уральская библиотека» қоғамдық мәдени-ағарту қорының басылымдарымен, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басылымдарымен оқырмандарды толығырақ таныстырды.

    novyj_risunok-3

           Шара соңында жас оқырмандар «Мәдени мұра – Культурное наследие» кітап көрмесімен, «Қазақстан оқулықтары», «Көркем әдебиет сериялары» тақырыбында ұсынылған әдебиеттермен танысты.
               Көрсетілімге – 60 құнды басылымдар, 30 таңдаулы оқулықтар,  55 көркем әдебиет сериялары  қойылды.

    Просмотров: 609 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz